KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Биыл студенттік жасақтарда 4 мыңнан астам студент жұмыс істейді

13.06.2013, 18:00 172


Жыл сайын облысымыздың қалалары мен аудандарындағы түрлі нысандарда мыңнан астам «Жасыл ел» мен студент жастардың құрылыс еңбек жасақтарының сарбаздары жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Облыстық талдау және болжау институтында өткен баспасөз мәслихатында штабтың жұмысы туралы баян еткен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Жасұлан Сәрсебаевтың берген мәліметіне қарағанда, өткен еңбек маусымында 3204 адам (Өскемен қаласы бойынша 1809, ал Семей қаласында 1395 адам) жұмыспен қамтамасыз етілген екен.

Сөйтіп, студенттік құрылыс жасақтарына 1972, қызмет көрсету жасақтарына 386, педагогикалық жасақтарға 462, туристікке 29, сонымен қатар ауыл шаруашылық жасақтарына 355 сарбаз қатысып, 85,0 млн. теңгенің жұмысын атқарған. Ал «Жасыл ел» сарбаздары 1300 адамды құрапты.

Биылдың өзінде ғана бұл екі қозғалыстың Өскемен және Семей қалаларындағы штабтарын қаржыландыруға облыс бюджетінен 6 миллион теңге қаржы бөлініп отырған көрінеді. Тағы бір айта кетер нәрсе, облыстағы штабтардың жұмысын күшейту мақсатында Өскемен мен Семейде екі ресурстық орталық жұмыс істеуде.

– Биыл студенттік құрылыс жасақтары бойынша облысымыз көлемінде 2500, ал «Жасыл ел» бойынша бір мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Ж.Сәрсебаев. – Мұның сыртында облыс әкімінің бастамасымен Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына орай, «Жасыл ел» жасақтары сарбаздарының қатысуымен облысымыздың қалалары мен аудандарында 100 футбол алаңы салынады
деп күтілуде. Ал өткен сәуір айының соңында облысымыздағы жоғарғы оқу орындары мен студенттік құрылыс жасақтары және «Жасыл ел» жасақтарының штабы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылғанын өз-деріңіз жақсы білесіздер.

Баспасөз мәслихатында қазір Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және Беларусь Республикасымен кұрылыс жасақтарымен алмасу мәселелері де қаралып жатқаны туралы сөз сапталды. Негізінен үстіміздегі жылы біздің облыс Могилев облысынан (Беларусь Республикасынан) 10, ал РФ-ның Алтай өлкесінен 20 адам қабылдамақшы екен.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив