KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жастар жұмыла жұмыс істеді

22.12.2011, 18:00 545


Ел Президентінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы іс-шараларға белсенділікпен қатысқан студенттік құрылыс жасақтары (СҚЖ) мен «Жасыл ел» жасақтарының өкілдері еңбек семестрін қорытындылады.

Студенттік құрылыс жасақтарының жауынгерлері негізінен жаңа ғима-раттарды салып жатқан мердігерлік кәсіпорындардың құрылыс бригадалары құрамында жұмыс істеді.

– Биыл 16-шағын аудандағы ны-сандарды салуға қатыстық. Біздің жасақ студенттер арасында бірінші болып осы ауданда жұмысты баста-ғанбыз. Келесі жылы да осы арада ісімізді жалғастырсақ деген ойдамыз, – дейді СҚЖ командирі Александр Мальцев.

Биылғы жылы облыстағы студенттік құрылыс жасақтарына 2800 жауынгер және «Жасыл ел» жасақтарына 2600 жас қатысып, құрылыс, сервистік, ауыл шаруашылық, туристік нысандарда жұмыс істеді.

Алтыншы еңбек семестрін ойда-ғыдай аяқтаған СҚЖ мен «Жасыл ел» жасақтарының жауынгерлерін кәсіп-орындардың, жоғары оқу орында-рының, жастар мен қоғамдық ұйым-дардың өкілдері құттықтады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив