KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Студенттік құрылыс жасақтарына жастар көптеп тіркеледі

6.06.2012, 18:00 156


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жыл сайын «Жасыл ел» педагогикалық және студенттік құрылыс жасақтарын ұйымдастырып келеді.

– Көптеген студенттеріміз осы жасақтарға жазылуда. Соның ішінде «Жасыл ел» бөліміне де жастарымыз көптеп тіркелуде. Былтыр жұмыс істегендер биыл тағы да еңбекке араласуға ниетті. Сол себепті бөлім қатарына алынғандар саны күннен-күнге өсіп келеді. Айталық, өткен жылы студенттер саны 45 болса, ағымдағы жылы 63-ке жеткен.

– Бізге мамырдан тамыз айына дейін тіркелуге болады. Егер мұнда бір ай көлемінде жұмыс істесе 35 мың теңге жалақыларын алады. Жалақының бір бөлігін жұмыс беруші төлесе, қалған жартысы мемлекеттен беріледі. Студенттер еңбек етумен қатар бұл жерде өздеріне жаңа достар, та-
ныстар табады, – дейді «Жасыл ел» жасағына жауапты Серік Қасенов.

Жазғы демалыстарын тамылжыған табиғаттың аясында, өзен-көлдің жағалауында емес, қайнаған еңбектің ортасында өткізіп жүрген жастар жайында «Жасыл ел» бөлімінде былтыр жұмыс істеген С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың филология факультетінің 3-курс студенті Ұлпан Жанатбекқызы өз ойын білдірген-ді.
– Өткен маусымда біз Өскемен қаласындағы бірқатар саябақтарды көгалдандырдық. Солардың бірі – этноауыл. Осы этноауылда жұмыс істеп, біраз іс-тәжірибе жинадық. Істеген еңбегімізге байланысты ақымызды да өз уақытында, тиісті мөлшерде алдық. Жаз айы мен үшін өте қызықты және пайдалы өтті, – дейді ол.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив