KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Семейлік жастар «Еліміздің тағдыры- менің тағдырым» форумының шеңберінде шаһарды абаттандарды (+сурет)

28.04.2013, 18:00 130


1-мамыр бірлік күні қарсаңында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Еліміздің тағдыры- менің тағдырым» атты форум болды , деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Аталмыш форумға қала әкімінің орынбасары З. Исабаева, Шәкәрім атындағы СМУ ректоры Ш. Әмірбеков, сонымен қатар, бір топ ақсақалдар, студенттік жас ұйымдар қатысты.

Семейлік жастар «Еліміздің тағдыры- менің тағдырым» форумының шеңберінде шаһарды абаттандарды (+сурет)Жиын басталмас бұрын жиналғандар Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ауласына еліміздің тәуелсіз алғанынының құрметіне 22 шырша ағашы отырғызылды.

Қала әкімінің орынбасары З. Исабаева мен Шәкәрім университетінің ректоры Ш. Әмірбековтың бастамасымен қолға алынған игі істі «Жасыл ел», «Жас Отан» сынды белсенді ұйымдардың мүшелері жалғастырды.

Семейлік жастар «Еліміздің тағдыры- менің тағдырым» форумының шеңберінде шаһарды абаттандарды (+сурет)Форум өз жалғасын оқу орнының акт залында тапты. «Аталмыш форум бүкіл Қазақстанды қамтуда. Міне, бүгін Шәкәрім атындағы СМУ өткізіліп отыр. Аймақтағы беделді оқу орынның қабырғасында өткізіліп жатқаны тегін емес. Себебі, биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толып отыр. Сонымен қатар, Елбасы Н. Ә. Назарбаев жастарға үлкен сенім артады. Біздің ертеңіміз- мына сіздерсіздер. Семей қаласы жастардың қаласы болып есептеледі. Өйткені, тоқсан екі мыңнан астам жастар тұрса, оның қырық мыңы- студенттер. Қайратты да, жігерлі жастардың бүгін осы залда жиналғаны мені қуантады», – қала әкімінің орынбасары З. Исабаева өз сөзінде.

Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан форум патриоттық сезімге толы, жастардың жалынды қолдауымен өтті.
"Бірлік күні қарсаңында өткізіліп отырған іс- шара қатты қуантады. Шырша отырғызғанда ерекше сезімде болдым. Әр ұлттың өкілдері, әртүрлі жас аралықтағы буынның бұл көрінісі жүрекке жылулық сыйлайды. Әрине, барлығына ортақ- ол біздің еліміз! Отанымызда сан алуан ұлт өкілдері тұрса да, бірлігіміз жарасып, бір отбасыдай күн кешудеміз», - деп бөлісті бізбен Шәкәрім атындағы СМУ- нің 1-курс студенті Эльнур Абетова.

Қарлығаш Хауасбаева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив