KZ
Өскемен
-3°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Күршімдік наубайханашы құрал-жабдықтарын жаңартып, өндірісін кеңейтуді көздейді

12.03.2013, 18:00 188


Күршім ауданындағы Қойтас ауылының тұрғыны Шеризат Қожанов «Жұмыспен қамту– 2020» бағдарламасы аясында наубайхана ашып, ауылдастарын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр. Ашылған жаңа наубайханада күніне 70-100 нан пісіріліп, тұрғындар дастарқанына жол тартуда. Нанның өтуіне қарай бөлке саны өзгеріп отырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Наубайшыларымыз дәрігерлік тексеруден өтіп, барлық талаптарға сай даярлық жасады. Олардың құжаттарын толықтай әзірлеп, бар қадамымызды заңды түрде рәсімдеудеміз. Өз ауылымыздан басқа, нанды аптасына үш рет Қыстаукүршімге апарып тұрамын. Жалпы сұраныс жақсы. Жаз айларында, әсіресе, шөпшабыс науқаны кезінде нанның шақ келмейтіні белгілі. Сол кезде күніне 150-200 нан салуды жоспарлап отырмыз. Ал той-томалаққа тоқаш тапсыратындар болса, оны да уақытында даярлап береміз» дейді Шеризат.

Кәсіпкер мемлекет тарапынан бөлінген 1 млн. теңге несиенің жақсы көмек болғанын айтады. Құлашты кең жаю үшін бұл аз, әрине, дегенмен, өзінің жинаған біраз тиын-тебенімен қосылып, аталған қаржының жаңа кәсібіне жол ашқаны шындық. Ал нан пісіруге арналған ұнды Шеризат өзінің жеңіл көлігімен қалаға барған сайын 10-15 қаптан жеткізіп, қажетті қорды жасап қойған екен.

– Айына 25 келілік 50 қап ұн кетеді, – дейді ол. – Қоймада қазір 150 қап ұн тұр. Сәуір айы аяқталғанша жетіп қалар деп отырмын. Одан соң жер кеуіп, жол да түзеледі. Еңбегіміз ақталса, келешекте құрал-жабдықтың барлығын жаңартып, өндіріс ауқымын кеңейте түсуді жоспарлап отырмын.

Хасен Зәкәрия

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив