KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Г.Марченко: Қазақстанның сыртқы қарызының ахуалы еш алаңдатпайды

20.02.2012, 18:00 209


Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарыздары және мемлекет кепілдік еткен қарыз көлемі 5 млрд. АҚШ долларына жуық.

Бұл туралы КТК телеарнасындағы «Халық қызметшілері» бағдарламасына берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко айтты.

Сонымен қатар бас банкирдің сөзінше, шетелде орналастырылған Ұлттық қордың қаржысы 45,5 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр.

«Яғни, бұл біздің мемлекетке әлем 40 млрд. доллардан астам қаржы қарыз деген сөз. Демек, біз ешкімге қарыз емеспіз»,-деп түсіндіріп өтті. Г. Марченко.

Жеке қарызға тоқталған ол, оның жартысын фирмааралық қарыздар құрап отырғандығын жеткізді. Яғни, батыстың ірі компаниялары Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларды әкеле тұра, олар салықты аз төлеу үшін бұл қаржыны несие ретінде біздің республикадағы еншілес кәсіпорындарына тіркейді. Бұл өз кезегінде жалпы 60 млрд. долларға жуық қаржы.

«Мемлекет те және Қазақстан халқы да бұл қарыздар бойынша ешқашан жауап бермейді. Сондықтан да сыртқы қарыздың жағдайы еш алаңдатпайды»,-деп түйіндеді Г. Марченко.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив