KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Семейде оқу үрдісіне үштілділікті енгізу мәселесі талқыланды

9.04.2013, 18:00 143


Семейдегі сервис колледжінде Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында көптілділікті енгізу мәселесі бойынша «Үштілділікті оқу үрдісіне енгізудің өзектілігі мен тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімі ақпараттық секторының мәліметіне сілтеме жасап.

Оған облыстық білім басқармасы, ШҚО бойынша «Атамекен» одағының филиалы , облыстық қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы өкілдері, әдіскерлер мен оқытушылар қатысты.

Семинар жұмысының барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрлар даярлау бойынша үштілділікті енгізудің жағдайы, оның бүгіні мен болашағы, өңір колледждерінде көптілді мамандар даярлау бойынша эксперименттік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, практикалық тілдік дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығы сияқты мәселелер қарастырылды.

Сервис колледжінің оқытушылары мамандарды даярлауда көптілділікті енгізу бойынша ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізді.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан гуманитарлық, геологиялық барлау колледждері және сервис колледжінің педагог қызметкерлері оқу-тәрбие үрдісіне үштілділікті енгізу бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар дөңгелек үстел шеңберінде пікір алмасулармен және ұсыныстар берумен қорытындыланды.

Семинар соңында қорытынды бойынша концепция қабылданды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив