KZ
Өскемен
+9°
ясно Штиль
443.44 480.51 4.88

Семейлік балалар үйлері тәрбиеленушілерінің есепшоты 14 млн. теңгеге толықты

19.03.2013, 18:00 223


Семей қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйтқы болуымен «Мейірім» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Семей қаласының әкімі мен облыстық білім басқармасының бастығы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, қамқоршылар, патронатты тәрбиешілер, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы өкілдері мен банк қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Семей қаласында ата-анасынан айырылған 818 жетім бала бар. Оның ішінде 62 бала жанұяларға берілсе,
13 бала патронаттық тәрбиеде, 297 бала – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Осы «Мейірім» қайырымдылық іс-шарасы кезінде 230 бала мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің қолдауына ие болды. Әлеуметтік келісімшарт жасалып, тәрбиеленушілердің есепшотына 14 млн. теңге аударылды.

Жалпы «Мейірім» қайырымдылық іс-шарасының басты мақсаты – ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік қалыптасуына және денсаулығын түзеуге, кәсіптік білім алып, жұмысқа орналасуына және баспана алуына ықпал ету.

Залда «Қайырымдылық қоры» жәшіктері қойылды. Шараға келген әр қатысушы өзінің қалтасына қарай жетім балалардың игілігі үшін ақша салды. Іс-шара соңында арнайы құрылған есептік комиссия жиналған қаржыны балалар үйіне аударды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

С.Жақсыбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив