KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
480.11 532.25 5.14

«Ульба» аумақтық халыққа қызмет көрсету орталығында Наурыз мерекесіне арналған акция өтті

25.03.2013, 18:00 203


«Ульба» аумақтық халыққа қызмет көрсету орталығында ҰОС мен еңбек ардегерлерін, көп балалы және жалғызілікті аналарды Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Владимир Головатюк, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Виктор Губарев Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қайырымдылық акциясына барлығы 120 адам жиналды.

«Бұл шара бізде жыл сайын өтетін тамаша дәстүрге айналған. Мерекелік кешті ұйымдастыруға, оған қатысуға біз барлық ниет білдірушілерді шақырамыз. Зейнеткерлердің, студенттер мен мектеп оқушыларының шығармашылық ұжымдары жыл сайын келіп, акцияға қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлап кетеді. Әдетте бұл жерде қонаққа келгендерді құшақ жая қарсы алып, басқалардың жетістіктеріне қуана алатын жандар жиналады» дейді Өскемен қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Сәуле Жүнісбекова.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив