KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Шемонайха өнер мектебі вокал бөлімінің оқушылары алматылық өнер қайраткерлерінің назарына ілікті

18.03.2013, 18:00 228


Шемонайха өнер мектебі вокал бөлімінің оқушылары алматылық өнер қайраткерлерінің назарына ілікті. Бірінші «Жас толқын» облыстық эстрадалық вокал конкурсында Тимур Бейсенов - «Япыр-ай» әнімен 2-орынды иеленсе, Жәнібек Сембаев «Жаса қазағым» әнімен «Қазақстан болашағы» номинациясында Дипломмен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Жас толқын» облыстық эстрадалық вокал конкурсына Шығыс Қазақстан облысының 52 жас вокалисі қатысты. Жас конкурсанттардың өнерлерін сол жолы Өскемен және Алматы қалаларынан қазылар алқасы бағалаған болатын.

Өнер қайраткерлерін тәнті еткен Тимур Бейсенов - «Япыр-ай» әнімен 2-орынды иеленсе, Жәнібек Сембаев «Жаса қазағым» әнімен «Қазақстан болашағы» номинациясында Дипломмен марапатталды. Сонымен бірге балаларға сыйлықтар мен «Ыстық көлге» жазғы жолдамалар тапсырылды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив