KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«Мың бала» көрерменіне жол тартпақ

1.03.2012, 18:00 171


Қазақ киносына өзіндік қолтаңбасымен келген режиссер Ақан Сатаев «Мың бала» фильмін түсіруді аяқтады.
Бұл фильмге өз елін жоңғар шапқыншыларынан қорғаған балалардың ерлігі арқау болады. Өзі қатарлы мың баланы шапқыншыларға қарсы қиян-кескі ұрыстарға бастап шыққан ержүрек Сартай осынау қанқұйлы жаудың қолынан мерт болған туыс-туғандары мен аяулы жандардың кегін ала жүріп, қатардағы батыл сарбаздан туған халқының біртуар батырына айналады. Фильм тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған және Аңырақай шайқасы болған 18-ғасырдың басындағы оқиғаларды қамтыған.

Отбасын емес, Отанын қорғаушыларға арналған бұл тарихи фильмді дүниеге әкелуге 14 елдің кино мамандары ат- салысқан екен. Оның негізгі түсірілімдері өткен жылдың наурызында басталып, 31-шілдеде толық аяқталды.
– Біз – бұл туынды арқылы ата-бабаларымыздың батырлығын ғана емес, қазақ жерінің сұлулығын да көрсетуге тырыстық. Сондықтан оның бірсыпыра тұстары әсем табиғатты Шарын жерінде, Қапал-Арасанда, Қапшағай маңы мен Үлкен Алматы көлінің таулы шатқалдарын-
да түсірілді, – дейді картинаның продюсері Әлия Уәлжанова.
Жаңа туындыда сондай-ақ, 30-дан астам шайқас тұстары және экшн-сценалар орналастырылған. Бұған дейін жалпы жас-кәрі ықыласпен қабылдаған «Рэкетир», «Ағайындылар», «Ликвидатор» сынды фильмдермен белгілі болған режиссер Ақан Сатаевтың бұл масштабты фильмінің кастингіне 22 мың 200 адам қатысыпты. Ал басты рөлдерді Дәурен Серғазин мен Құралай Анарбекова сомдаған. Сонымен қатар кинотуындыда Асылхан Төлепов, Әлия Тілебарысова, Берік Айтжанов, Тілектес Мейрамов, Болат Әбділманов, Аян Өтепбергенов сынды актерлер ойнайды.
Ең кереметі, фильмдегі барлық трюк-
терді балалардың өздері орындап шыққан. Сондай-ақ, осынау жаңа туынды арқылы көрермен белгілі экран шеберлері Е.Жол-жақсынов пен Т.Сыдықованың бөлекше шеберліктеріне тәнті болары сөзсіз. Бұл жобаның тұсаукесері өткен жылдың мамырында Канн кинофестивалінде көрсетіліп, шетелде де үлкен қызығушылық тудырған-ды.
«Қазақфильмнің» президенті Ермек Аманшаевтың сөзіне қарағанда, биыл алғаш рет «Ер Төстік» толықметражды анимациялық фильмі үлкен экраннан көрсетіледі. Сонымен қатар биыл аталған киностудия тағы да 10 фильмді көрермен назарына ұсынбақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив