KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Облыс аумағындағы өзен мен су қоймаларының деңгейі қауіпті шекке жеткен жоқ

15.03.2013, 18:00 234


Шығыс Қазақстан аумағында күн райының құбылмалығынан қарғын су мен сел жүру қаупі әлі де жоғары деп бағалануда. Осыған орай Үлбі өзенінің деңгейі қатаң бақылауға алынған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық гидрометеорология орталығының деректері бойынша, Үлбінің Каменный карьер аймағындағы деңгейі 142 см көрсетіп тұр, су деңгейі 380 сантиметрге жеткенде жағдай қауіпті деп саналады.

Сондай-ақ Коршун водозаборында да судың деңгейі қауіпті шекке жеткен жоқ. Келіп түскен мәліметтер бойынша, 16-наурызда таңғы 6.00-де су деңгейі 4,64 м көрсеткен, қауіпті шек- 8,00 м.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, «Өскемен-Самар» тас жолының бойында алдын алу жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 3200 текше метр 3 қар көшкіні түсірілді. Таудан құлаған қар жолдарды жартылай жауып қалғанымен, «ОблШығысЖол» мекемесінің 2 техникасы трассаны қардан дереу аршып, жол қозғалысы қайта жанданды.

Бүгін облыс аумағында күн алабұлтты, кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы +8 градусқа дейін жылынады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив