KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 3 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Металлургтердің мәдениет сарайына жөндеу жұмыстары қашан басталады?

3.03.2013, 18:00 123


– Таяуда Өскемен қаласындағы Металлургтер сарайының жекеменшіктен мемлекет меншігіне өткенін, енді оған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін естідім. Жөндеу жұмыстары қашан басталады? Осы жайында білейін деп едім.

Индира Ибраева,
зейнеткер
Өскемен қаласы.

Оқырман сауалына жауап облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша әзірленді:

– Металлургтер мәде-ниет сарайы облыстық мәдениет басқармасына қарайды. Бұл нысан 2012
жылы жеке меншіктен мемлекет қарамағына өткен болатын. Үстіміздегі жылы көп жылдар жеке адамның иелігінде болған осы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс басқармасына тапсырылып қойды. Қаржыландыру мәселесі облыстық бюджеттің қар-
жысы есебінен шешілмек. Жөндеу жұмыстарына қанша қаржы кететінін, жұмыстың қашан басталатынын, қандай мердігер мекеме атқаратынын облыстық құрылыс басқармасы анықтайды. Өйткені, бұл басқарма да жобаның бірден-бір тапсырыс берушісі болып табылады.


Мейрамтай Иманғали

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив