Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында спорт модулі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
25 адамға лайықталған заманауи құрылыс облыстан бөлінген қаржыға жарты жылдың ішінде салыныпты. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Б.Сапарбаев құттықтау сөзінде аудан жастарын спортпен жаппай шұғылдануға шақырды.
Ардагер спортшы ретінде сөз алған М.Отынбаев жастарға көрсеткен қолдауы үшін Бердібек Сапарбаевқа ауылдастарының, спортсүйер қауымның атынан алғысын білдірді.
Спорт модулінің ашылу құрметіне орай волейболдан қыздар арасында өткен аудандық турнирде допты ойынға салтанатты жағдайда өңір басшысы қосты.