KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

"Топжарғанның" жеңімпаздары анықталды

3.01.2013, 18:00 157


Жаңа жыл қарсаңында «Топжарған» байқауының қорытындысы шығарылып, еңбектері жоғары бағаланған журналистерді облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы сыйлықтармен марапаттады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байқау Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – 2030» стратегиясының 15 жылдығы һәм Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына орай республикалық БАҚ өкілдері арасында жарияланған болатын.

«Үздік баспа материалы» аталымы бойынша республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің біздің облыстағы меншікті тілшілері Оңдасын Елубай мен Светлана Абенова марапатталды.

«Үздік бейнематериал» аталымына «Қазақстан» ұлттық арнасының аймақтағы меншікті тілшісі Берік Көшербаев, «Хабар» агенттігінің Семей қаласы бойынша меншікті тілшісі Болат Кәкібала, «КТК» телеарнасының қазақ және орыс редакцияларының меншікті тілшілері Әсем Мамырбекова мен Татьяна Ковалева ие болды.

«Үздік интернет материал» аталымы бойынша «Bnews» ақпарат агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі Антон Сергиенко мен «Ук.кз» сайтының журналисі Татьяна Балакина жеңімпаз атанды.

«Үздік радиорепортаж» аталымында Қазақ радиосының шеф-редакторы Базаргүл Үмбетова үздік деп танылды.

Ал облыс Әкімінің арнайы жүлдесіне «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының телеоператоры Аслан Төлепов ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив