KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Апатқа ұшыраған шекарашы офицерлердің екеуі Шығыс Қазақстанның тумалары

25.12.2012, 18:00 234


Шымкент әуежайынан 20 шақырым жерде апатқа ұшыраған АН-72 әскери әуе кемесінің бортында қаза болғандардың арасында шығысқазақстандық ағайынды Вячеслав пен Александр Рахмандар бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ағайынды жігіттер Күршім ауданының тумалары. Екеуі де подполковник, «Оңтүстік» аймақтық басқармасына қарасты шекара отрядтарының бастықтары қызметін атқарған.

Ағайынды офицерлердің туыстары өскемендік Анатолий мен Наталья Рахмандар үшін өткен түн өте ауыр болды. Телеарналардан хабарды ести сала, түні бойы бауырларының жолдастарымен, әріптестерімен хабарласып, мән-жайды анықтауға тырысыпты.

-Біз түні бойы олардың достарына, таныстарына телефон шалып, не болғанын түсінгіміз келді. Жаманатқа қимаймыз, - дейді ерлі-зайыпты Анатолий мен Наталья Рахмандар. –Екеуінің соңында жылап отбасылары, балалары қалды.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ардагері, генерал-майор Хусаин Берқалиев ағайынды Рахмандарды жақсы танығанын, кезінде өзінің қарамағында қызмет еткенін айтады.

-Екеуі Қазақстан шекарасының барлық нүктелерінде қызмет етті. Вячеслав кезінде менде Атырауда жұмыс істесе, Александр Қытай шекарасын күзетті. Екеуі де қызметтеріне берілген, ел іргесінің тыныштығын күзетуді басты мақсаттары санайтын, -деді Хусаин Иманғалиұлы орталық телеарналарға берген сұхбатында.

Қапыда шейіт болған азаматтардың әрқайсысының артында екі баладан қалды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев апатқа ұшыраған шекарашылардың отбасыларына өтемақы төленетінін айтты.

27-желтоқсан Елбасының Өкімімен ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

ҚР Парламентінің депутаттары осы қаралы қазаға байланысты елімізде Жаңа жылдық мереке шараларын мүлде тоқтату туралы мәселені көтеріп жатыр.

«Еліміз қара жамылып отырғанда, шекарашылардың элитасынан айырылып жатқанда, той тойлап неміз бар?» деседі халық қалаулылары.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив