KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Қазақстан студенттер бірлестігі Семей қаласындағы облыстық аурухананың балаларға арналған неврология бөлімшесіне қайырымдылық көмегін көрсетті

23.12.2012, 18:00 126


Австрияның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер Семей қаласындағы облыстық аурухананың балаларға арналған неврология бөлімшесіне қайырымдылық көмегін көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Қазақстан студенттер бірлестігінің өкілі Темір Асановтың айтысына қарағанда, жастар жыл сайын қайырымлылық акциясын өткізіп тұруды жақсы дәстүрге айналдырған.

-Өткен жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 20 жыл толуына орай біз осы тақырыпты Европада көтеруге тырыстық. Біз өзіміз Семейде өткен ядроға қарсы форумның жұмысына қатысып, соңынан облыстық ауруханаға барған болатынбыз, - дейді Темір Асанов.

Студенттер аурухананың, ондағы емделіп жатқандардың жағдайын көріп, «Барлығымыз бірге қауіпсіз әлем үшін» атты жобаны ұйымдастырады. Сол жобаның аясында 7 мың евро қаражат жинайды. Қаржының басым бөлігіне гематология бөліміне тоңазытқыш, жиі толқынды пеш, басқа да тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ пен ойыншықтар алып береді. Жаз кезінде студенттер арнайы келіп, осы сыйлықтарын кішкентай пациенттерге тапсырған болатын.

Жаңа жыл қарсаңында жастар тағы да Семей қаласына келді. Бұл жолы олар жоба аясында жиналған қаражаттың қалған бөлігіне кислородты концентратор, балаларға арналған құрғақ бассейн, гимнастикалық матрастар алып, балаларға арналған неврология бөлімшесіне сыйлады. Сонымен қатар Инсбург университетінде оқитын жолдастары жіберген ойыншықтарды балаларға
табыстады.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив