KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстан облысы аумағында гидроэлектр станциясы салынады

23.12.2012, 18:00 161


Сеул қаласындағы ірі индустриялық компаниялардың жетекшілерімен облыс аумағында гидроэлектр станциясын салу туралы маңызды келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың Корея Республикасына ресми сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі, облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында шығысқазақстандық делегация Канвандо провинциясының губернаторы Чой Мун Сунмен, сонымен қатар осы аймақтағы белді компания жетекшілерімен кездесті. Облысымыздың және Чхунчхон қаласы кәсіпкерлері бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уәделесті. Алдағы уақытта корейлік кәсіпкерлер Семей қаласындағы «СемАЗ» зауыты базасында өңіріміздегі денсаулық сақтау мекемелері үшін жедел жәрдем көліктерін құрастыруды қолға алмақ.

Сондай-ақ Сеул қаласында ірі индустриялық компаниялардың жетекшілерімен инновациялық «жасыл» технологияны пайдалану арқылы қуат көздерін өндіру, Алтай балы негізінде азық-түлік өнімдерін шығару, марал пантысын қайта өңдейтін зауыт құрылысы мен облыс аумағында гидроэлектр станцияларын салу туралы көптеген маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Осынау келісімдердің нәтижесінде облыс әкімдігі мен оңтүстіккореялық “HKdfc., LTD” және “Kntechkorea Co., LTD” компанияларының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив