KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Әрбір ардагер мекемелерге бекітіледі

21.04.2015, 18:00 109



Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының өнеркәсіп жетекшілерімен, сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдерімен, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Даниал Ахметов облыс орталығын абаттандыру шаралары басталғандығын атап өтіп, барлық қалалықтарды сенбілікке белсенді қатысуға шақырды. «Өз қаламызға ерекше қамқорлық танытайық, - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қала әкіміне өскемендік 195 соғыс ардагерін әр мекеме мен кәсіпорынға бекіту жөнінде тапсырма берді.

- Біз оларға мәңгілік қарыздармыз. Барлығымыз ардагерлерді қамқорлық пен жылулыққа бөлейік, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыс ардагерлеріне түрлі деңгейдегі бюджеттен 500 мың теңгеден бірреттік төлем жасау жөнінде шешім шығарылған болатын.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив