Соңғы күндері екі өкпеден қысып тұрған сарышұнақ аяздың салдарынан облыс орталығында Тәуелсіздік күнін тойлау бағдарламасына өзгертулер енгізілді делінген Өскемен қаласы әкімі баспасөз қызметі таратқан мәліметте, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
«Ең алдымен көшелерде, ашық аспан астында өтуге тиіс шаралар кейінге қалдырылды. Мысалы «Қысқы драйв» автошоуының өтуі 22-желтоқсанға шегерілген. Әзірге 16-желтоқсан күні Республика алаңында ұйымдастырылатын мәдени шаралар мен үш мұз стадионының ашылу салтанаты туралы бір шешім қабылданған жоқ. Мерекеге қатысты салтанатты кеш 14-желтоқсанда Спорт сарайында өтеді деп жоспарланған. Оған 5 мыңдай адам қатысады. Тәуелсіздік күніне орай жоғары мемлекеттік наградаға ие болған жерлестеріміз де осы кеште марапатталады» делінген баспасөз парағында.
Жексенбілік ауылшаруашылық жәрмеңкесі Виноградов көшесіндегі «Дос-Нар» базарында 9.00-де басталады.
Бағдарламада болатын бұдан басқа өзгерістер БАҚ арқылы, телеарналардың жүгіртпе жолдарымен хабарланатын болады.