KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Ең даулы заң жобалары талқыға түсті

10.12.2012, 18:00 86


Бүгін сарапшылар қазіргі тандағы ең даулы заң жобаларының бірін талдауға салмақ. ҚР Парламентының қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шараның басты тақырыбы - «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заң жобасы, делінген ҚР Парламенті баспасөз қызметі таратқан баспасөз парағында.

Конференция барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің құқықтық негіздері мен жүзеге асыру тетіктері және мемлекет кепілдік берген заң көмегінің саласындағы мемлекет саясатына қатысты сұрақтар сарапқа салынады. Сонымен қатар, жоба бойынша, іс-шара барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін жетілдіруге бағытталған тиісті кеңестер тізімі бекітіледі.

Конференцияға халықаралық сарапшылар, ҚР Президентінің Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, құқық қорғау және сот ұйымдарынының өкілдері және құқық танушы ғалымдар қатысады.

Конференцияны Республикалық адвокаттар коллегиясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті және ҚР Әділет министрлігімен бірлесе ұйымдастарып отыр. Қаржылық қолдау Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасындағы құқықтық және сот реформасын қолдау» атты Жобасының және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының тарапынан көрсетілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив