KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жеңіл атлетикалық кешеннің құрылысы Өскеменде жүріп жатыр

31.10.2012, 18:00 171


Өскемендегі «Метро» сауда орталығының маңында заманауи жеңіл атлетикалық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Олимпиада чемпионы, жерлесіміз Ольга Рыпакованың есімі берілетін бұл манеждің жобасын әзірлеу барысында барлық халықаралық талаптар ескерілген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бұл еліміздегі ең үздік манеждердің бірі болуы тиіс. Ғимарат жоғары деңгейдегі сайыстарды, Азия және Еуропа, тіпті, Әлем чемпионаттарын өткізуге лайық болуы керек. Осы орайда «Қазатомөндіріс» бізді толық қолдауда. Владимир Школьник көмек көрсетуге уәде беріп отыр, оның үстіне ұлттық компания мен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылған, – деп атап өтті облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Болашақ манеждің жанында «Қазцинк» компаниясының қаржысы есебі-нен Жекпе-жек сарайы салынуда. Бұл спорт нысаны да қаладағы үлкен әрі сәулетті ғимараттардың бірі болмақ. Өскеменнен болашақта да жаңа Олимпиада жеңімпаз-дары шығуы үшін осындай жұмыстар атқарылуда.

Облыс Әкімі компания жетекшісіне бизнестің әлеуметтік жауапкер-шілігі аясында атқарып жатқан игілікті істері үшін алғысын айтып, осы өзара тиімді серіктестіктің ары қарай да жалғасатынына сенім білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив