KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

«Нұр Отан» ХДП-сы жастармен ой бөлісті

11.09.2012, 18:00 208


«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков іссапармен аудан орталығына келіп, жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл басқосуға белсенді жастармен қатар аудан әкімі А.Сейітов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жангүдеев қатысты.

Кездесу барысында Түсіпхан Түсіпбеков Елбасы Жолдауы тапсырмаларының, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласының маңыз-дылығына тоқталды.

Жұмыс сапары аясында Т.Түсіпбеков Күршімдегі күрделі жөндеу-ден өткен «Болашақ» балабақшасын, «Қазақ елі» монументін аралап, спорт алаңының құрылысын көрді. Барақ батыр ауылындағы негізгі мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігін білген соң, қонақтар аудандағы тірек ауылдардың бірі – Сарыөлеңге
тоқтап, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан клуб ғимаратын көрді. Кешкісін аудандық әкімдіктің үлкен залында аудан активімен кездесу болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив