KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Бесқарағай ауданында дөңгелек үстел өтті

1.08.2012, 18:00 200


«Нұр Отан» ХДП Бесқарағай аудандық филиалы Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласының негізінде «Елбасымен бірге болашаққа нық қадам!» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Дөңгелек үстелге саяси кеңестің мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Е.Рахметуллин, «Нұр Отан» ХДП Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Н.Идрисова, Бесқарағай ауданнының №12 Ерназар сайлау округі бойынша мәслихат депутаты Қ.Қайырханов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шегебаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Тұқтыбаев, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Б.Баталов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мектеп түлектері, студенттер, түрлі салада қызмет атқаратын жастар қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты аудан жастарының арасында осы бағдарламаны жан-жақты талқылап, насихаттау жұмысын жүргізуде нақты шаралар қолдану болып табылады. Елбасымыздың бағдарламалық мақаласын жастар белсенділікпен талқылап, оны халық арасында кеңінен үгіттеп жүзеге асыру үшін бар күштерін салып атсалысуға дайын екендіктерін ашық әңгіме барысында айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушы жастар ауданның жастар кадрлық резервін құру туралы қарар қабылдады. Әр тоқсан сайын дөңгелек үстелді өткізуді жалғастыру, әр айда оқу жұмыстарын жүргізу арқылы аудан жастарының құқықтық дәріс алу мектебін ашу, жастарды «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау бекетінің жұмыстарына тарту сынды жастардың ой-пікір, ұсыныс-тілектері де хаттамаға енгізілді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив