KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семейлік студенттер Англия, АҚШ, Венгрия, Оңтүстік Кореяға аттанады

16.08.2012, 18:00 91


Семей мемлекеттік педагогикалық институтының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдіру мақсатындағы ұзақ сапарға аттанатын күн де жақындап келеді.

Студенттер толқыныс пен қобалжу кезеңін артта қалдырып, ендігі жерде өз оқу орнының үкілі үмітін ақтап, әлемдік білім кеңістігенде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) беделін көтеру және ең маңыздысы барлық мүмкіндігін пайдалана отырып білім қоржындарын толықтырып қайту.
Міне осындай ізгі мақсатпен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үш студент Питсбург мемлекеттік университетіне (АҚШ) және бес студент Еуропаға: Янош Кодолан атындағы қолданбалы өнер университеті (Венгрия) мен Ньюкасл университетінде (Англия) оқуға жолдама иеленіп отырса, жеті студент Оңтүстік Кореядағы Джионгсанг Ұлттық университетінде білім алуда.

Бұл аталған университеттердің барлығы да кездейсоқ таңдалмаған оқу орындары. Олардың барлығы да беделді, ең бастысы білім берудің монументалды үлгісін қалыптастырған оқу орындары болып табылады.

Будапешт қаласындағы Янош Кодолан атындағы қолданбалы өнер университеті халықаралық студент алмасу бағдарламасы бойынша қарқынды жұмыс жасайтын, әсіресе жазғы мектептер ұйымдастырып, өткізуден мол тәжірибе жинақтаған оқу орыны. Ал 1787 құрылған Питсбург мемлекеттік университеті АҚШ- тағы жоғары топқа жататын аты әйгілі оқу орындарының бірі. Бұл университет өзге пәндермен қоса медицина мамандарын даярлауда мол тәжірибесі бар және осы салада ірі табыстарға жеткен. Тарихы 1834 жылдан бастау алатын Ньюкасл университеті де Англияның алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Бұл оқу орнын халықаралық дәрежедегі ғылыми- зерттеу университеті ретінде әлем мойындаған. Мұнда 12 ғылыми- зерттеу орталығы мен пәнаралық зерттеулер жүргізетін әртүрлі академиялық мектептердің өкілдерінен құралған көптеген ғылыми ұйымдар жұмыс жасайды.

Ал, Кореяға сапар шегетін студенттерді ол елдің қатаң тәртіптегі иерархиялық жоғары оқу орындары күтуде. Дәл осындай Джионгсанг университеті өзінің нанотехнология, биотехнология, биоиндустриялық инженерия, теңіз және әуе кемелерін құрастырудағы, әлеуметтік және заң ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулері мен жетістіктерінің арқасында және педагогика мен мұғалімдерді даярлау, медицина, сәулет және т.б. салаларындағы ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде Оңтүстік Корея университеттерінің ішінде ең жоғарғы деңгейдегі оқу орны болып отыр.

Сондықтан жоғарыда аталған оқу орындарының қайсысы болсада біздің студенттер үшін халықаралық талаптарға сай нақты білім мен мол тәжірибе жинақтауға, кәсіби маман ретінде қалыптасуына үлкен мүмкіндіктер ашады деп сенеміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив