KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

Екі елдің колледждері байланыстарын нығайтты

3.06.2012, 18:00 210


Семейде «Білім берудегі қызметтестік-халықаралық ықпалдастықтың стратегиялық жолы» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Форум аясында шекаралас жатқан аймақтардың білім саласының мамандары бас қосып, ортақ мәселе бойынша пікір, тәжірибе алмасты.

Форум жайлы Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова: «Биы аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлының жетекшілігімен Ресей Федерациясының Алтай аймағына барып қайтқан едік. Осы сапар аясында өзге салалар сияқты білім саласында да көптеген жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласқан болатынбыз. Осының арқасында орта арнаулы және кәсіптік-техникалық мамандықтарға бейімдеуші оқу орындарының бас қосқан жиыны Семей қаласында өтіп отыр. Бұған Семей қаласындағы барлық кәсіптік-техникалық білім беруші мекемелер қатысып көрші елдің педагог мамандарына өз мүмкіншіліктерін көрсетуде. Ал, Алтай өлкесінің 10 оқу орыны бұл форумға арнайы қонақ ретінде келіп отыр, дейді.

2 күндік форум аясында пленарлық отырыстан бастап, «Мамандығым-мақтанышым» атты акция, «ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен Алтай өлкесінің арнаулы орта оқу орындары директорлар кеңесі арасындағы өзара әрекеттестік механизмі және даму жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Орталық алаңында өткен «Мамандығым-мақтанышым» атты акцияға Семейдің 30-дан астам орта арнаулы оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім ордалары қатысты. Мектеп түлектері үшін көрме ретінде ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары В. Кошелев, Семей қаласы әкімінің орынбасары З. Исабаева, облыстық білім басқармасының бастығы М.Ахметова, қалалық білім, спорт және денешынықтыру бөлімінің бастығы Г.Алтынбековалар қатысты.
-Елбасы тапсырмасы бойынша өзге өңірлер сияқты облысымызда соның ішінде Семей қаласында үдемелі-индустриалды-инновациялық бағдарлама жүзеге асуда. Бағдарламаның 2010-2014 жылдарға бекіткен жоспарына сәйкес, кәсіптік-техникалық мамандық иелерін жұмыспен қамту алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Осыған байланысты серпінді ісімен алға қадам басқан Семейде бүгінгі басқосудан үлкен нәтиже күтеді, деді қала әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы.

Форум қорытындысында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен Алтай аймағы директорлар Кеңесі арасында, Барнауыл және Семей қалалары директорлар Кеңесі арасында өзара келісімдерге қол қойылды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив