KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«Адамгершілігі мол» ұры

12.04.2012, 18:00 113


Өскемен қаласының полиция қызметкерлері 1989 жылы туған Анатолий есімді азаматты ұстады. Анатолиймен бірге тұрып жатқан әйел оны алтын бұйымдарды: жаңа гауһар тасты сырғаны, алқаны және алтын салпыншақты ұрлады деп айыптады. Келтірілген шығын 130 мың теңгені құраған екен деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметінің деректеріне жүгінген Алтайньюс тілшісі.

Кейіннен полиция қызметкерлері Анатолийдің жәбірленушімен жуықта ғана танысқандығын анықтады.
Адам тонап темір тордың ар жағынан босап шыққан жас жігіт «болашағынан үміт күттірген» екен. Неліктен оған сенім арттың деген сауалға жас қыз «адамгершілігі бар, қайырымды, темір тордың аржағындағы өмірді көргендіктен көп нәрсені ұғынған сияқты көрінді» деп жауап қайырды.

Бір қызығы жас жігіт гауһар тасты сырғаның біреуін ғана алып, екіншісін қалдырған екен. Неліктен бір сырғаны ғана алдың деген сауалға Анатолий:
- Бір сырға қобдишаның ішіндегі түкті матаға ілініп қалған екен, асығыста байқамай қалдым,-деп ағынан жарылды.

Ұсталған азамат ұрланған құнды заттарды өткізіп те үлгерген екен. Қазір жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденетін болса ұрлық жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив