KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Семейлік 13 жасар Ангелинаға көмек қажет

30.05.2012, 18:00 69


Ауыр халде жатқан семейлік Ангелинаға шұғыл көмек қажет. 13 жасар Ангелина Карапетян туғанынан гипертензия дертіне шалдыққан. Жақында оның жүрегіне операция да жасалған.

Денсаулығының нашарлығынан қыз мектеп түгілі далаға шығудан қалды. 10 метр жүрсе, ентігіп қалады. Тек аурухана табалдырығын тоздырумен жүрген Ангелина үнемі дәрігерлердің бақылауында. Жасөспірімнің ел қатарлы өмір сүруі үшін шетелдік қымбат дәріні үзбей қабылдауы тиіс. Бір қорабының құны 1 млн теңге тұрады. Ата-анасының қалтасы әлбетте, оны көтермейді. Сондықтан олар жалпақ жұрттан жәрдем сұраудан басқа амалымыз қалмады деп қынжылады. Көмек қолын созам деушілер төмендегі телефон номерлеріне хабарласа алады:

8 (7222) 53 05 12, 8 -707- 657 82 72

Ангелина Карапетян:


- Кейде тұншығып, көзім қарауытып, құлап қаламын. Ол дәрі ауадай керек. Мені жағдайымды көрген жұрт көмек қолын созса екен деп өтінем. Сол дәрінің арқасында мүмкін, құлан таза айығып кететін де шығармын.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив