KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
441.41 477.78 4.84

Телефон алаяғы ұсталды

21.05.2012, 18:00 174


Глубокое ауданы тұрғынының ұялы телефонына смс-хат арқылы оның ұялы телефон ұтып алғандығын жазып, өзіне 37 мың теңге аудартып алған алаяқ құрықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қолға түскен Павлодар қаласының тұрғыны 2000 жылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін екі жылға шартты түрде сотталған, екі жылдан кейін адам өліміне себепші болады. Сегіз жыл қатаң режімдегі колонияда жазасын өткерген ол 2012 жылдың наурызында алаяқтық жасап үшінші рет сотты болып, Өскемендегі тергеу изоляторына қамауға алынады. Алайда түрмеде отырып-ақ арам ойын жүзеге асыруды жалғастырған, дейді ІІБ-ның қызметшісі.

Ол Глубокое ауданының тұрғынының ұялы телефонына смс-хат жолдап, ұялы телефонды ұтып алғандығын жазады. «Менеджер» өз қызметін 37 мың теңгеге бағалайды. 10 мың теңгені өзінің жеке банк есепшотына аударуды, ал қалған 28 мың теңгені «Билайн» төлем карталары арқылы төлеу қажеттігін айтады. 39 жасар әйел ұтыс дегенге қуанып қажетті соманы бірден «менеджерге» аударады. Біраздан кейін алаяққа тап болғанын түсінген әйел полицияға хабарласады.

Полиция қызметкерлері қылмыскерді іздеп қиналған жоқ. Дамир ағынан жарылып шынын айтты. Павлодарлық «дарынды» жігіт егер осы қарқынынан таймаса, бар ғұмырын темір тордың арғы бетінде өткізері хақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив