KZ
Өскемен
+13°
дождь жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Мәдени шара қазақтың бұлбұл үнді әншісіне арналды

21.05.2012, 18:00 145


Үржар ауданы, Елтай ауылындағы Қабдығали Игенбайұлы атындағы орта мектепте қазақтың бұлбұл үнді әншісі Роза Бағланованың 90 жылдығына арналған аудандық семинар өтіп, оған ауданымыздың барлық мектептерінен 30 кітапханашы қатысты.

Мереке өткен мектептің акт залы Роза Тәжібайқызының әсем суреттерімен безендіріліп, «Әлемді әнмен тербеткен» атты фотомонтаж қойылды және 1-7 сынып оқушыларының әдеби-сазды қойылымдары көрсетілді.

Кеш барысында кезінде Роза апамыз ерекше түрлендіріп орындаған «Ақ сұңқарым», «Ақ маңдайлым», «Асыл арман», «Әдемі-ау», «Ах, Самара, городок» әндері шырқалды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив