KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Көшпелі сауда-саттық шалғай ауылдарға да жетті

6.05.2012, 18:00 142


Облыстық тұрақтандыру қорының арзандатылған азық-түлік өнімдері өңірдегі шалғай елді мекендерге де жетіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Көшпелі сауда-саттық ауылдағы ағайындарды қымбат емес тауарлармен қамтуға септігін тигізуде.
Мәселен, бүгінде Абай ауданының орталығы Қарауылда, Абыралы округінің Таңат, Қайнар ауылдарында, Семей қаласына қарасты Шүлбі және Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде қордың тауарлары сатылымға түскен. Сол сияқты жақында ғана сатып алынған алты көліктің көмегімен «Ертіс» ӘКК Қасым Қайсенов кентінде және Курчатов қаласында көшпелі сауда-саттық ұйымдастырды.
Көшпелі жәрмеңкеде қанттың келісі 158 теңгеден, күріштікі – 140 теңге, ірі қараның еті – 1000 теңге, ал өсімдік майының литрі 250 теңгеден сатылды. Курчатов тұрғындары барлығы 338 келі шекер, 266 келі күріш, 257 келі ет және басқаларын сатып алды. Арзан азық-түлікке қолдары жеткен жұртшылық игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ал ауылшаруашылық өнімдерін артқан көш-керуен болса, келесі ауылдарға бет алып кетті.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив