KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Жаңа техника алушылар артып келеді

4.05.2012, 18:00 146


Ауылшаруашылығының алға басуы жаңа техникалар мен технологиялардың қолданылуына тікелей қатысты екенін ескерсек, соңғы жылдарда шаруашылық құрылымдарының оған ерекше мән бере бастағанын байқауға болады.

Мәселен, өткен жылы облыстың шаруашылық құрылымдары жаңадан 708 техника сатып алыпты. Оның 220-сы «Казагрофинанс» АҚ арқылы лизингтік келісімшарт бойынша несиеге әкелінген. Осының ішінде шаруа адамдары мал азығын дайындауға арналған тракторларға көбірек қызығушылық білдіріп, оның 204-ін сатып алса, астықты аудандардағы әріптестері 65 комбайн мен оған қоса соқа, культиватор сияқты қосалқы техникалар алуды ұмытпапты.
– Жалпы алғанда облысымызда ауылшаруашылығы техникаларының саны жылдан жылға артып, қазір 42204 техника есепте тұр. Өткен жылы ғана 2816 бірлік техника жаңадан тіркелді, – дейді осы орайда облыстық бас мемлекеттік инженер-инспектор Амангелді Уәлиев.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив