KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Заманауи техникамен толығуда

29.03.2012, 18:00 142


Үржар ауданында «КазАгроФинанс» АҚ арқылы ауылшаруашылығы құрылымдарына заманауи техника сатып алу мәселесі басты орынға қойылып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Мәселен, өткен жылы 180 бірлік ауылшаруашылығы техникалары сатылып алынса, биылдың өзінде 23 шаруа қожалығы 37 данаға тапсырыс беріп отыр. Осындағы «Юбилейный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жандос», «Жидебай», «Ырыс» т.б. шаруа қожалықтары бүгінде жаңа техниканың қызығын көруде. Сол сияқты, Үржар ауылдық округіне қарасты «Тоқтаболат» атты қожалықтың иесі Ақылбек Оспанов екі бірдей МТЗ-82 тракторын алу үшін «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамына тиісті құжаттарын өткізіп қойды. Бұйырса, Тарбағатайдың күнгейінде диқан қауымы жаңа техникамен еңбек етпек.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив