KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Семейлік некрофил психоневрологиялық диспансерде емделетін болды

25.04.2012, 18:00 117


Семейлік некрофил сот шешімімен мәжбүрлі түрде психоневрологиялық диспансерге емделуге жіберілді. Бұл туралы Шығыс қазақстан облыстьық сотында мәлімдеді.


«Бүгін Семей қалалық № 2 сотында Семей қаласының тұрғыны Виктор Лялькоға қатысты қылмыстық іс қаралып бітті.


2011 жылдың шілде айынан бастап жыныстық қатынас жасау мақсатында жуықта ғана қайтыс болған әйелдің зиратын бірнеше рет қазып, өзінің айуандық әрекетін іске асырған. Сот психолог-психиатриялық сараптама нәтижесінде ол ақыл-есі кем деп танылды», - дейді ШҚО сотының баспасөз қызметі.


«Сот шешімімен В. Лялько қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Ол енді Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы арнайы емдеу мекемесінде емделетін болады», - деді ведомствада.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив