KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

« Арайға» мемлекеттік тіркеу куәлігі берілді

16.04.2012, 18:00 99


- ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті канадалық лицензия бойынша «АвиаМастер Эйркрафт» шағын кәсіпорны жасап шығарған «Арай» жеңіл моторлы ұшақтарына мемлекеттік тіркеу куәлігін берді,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оларды қолдану аясы едәуір кең. Айталық, агрохимиялық және аэровизуальдік жұмыстарға, мұнай-газ құбырларын, электр қуатын жеткізу желілерін бақылап отыру мақсатында қолдануға болады.

Ұшақтың құрылмасы аса бекем, арнайы дайындалмаған тұрпайы алаңдардың өзінен қысқа мерзімде көтеріліп, қона алады, сонымен қоса 1000 километрден астам қашықтыққа ұша алады. Оның үстіне аппарат қазақстандық А-95 автомобиль жанар майымен жұмыс істейді.

Мемлекеттік тіркеу куәлігін алған алғашқы үш ұшақты қазақстандық «Астық Индустриясы» компаниясы сатып алды. Аталған компания болашақта осындай 10 ұшақты сатып алуды жоспарлап отыр.

Өндіруші компанияның басшысы әуе кемесінің артықшылығы ретінде оның қардың үсті мен судың бетіне қонуға мүмкіндік беретін модельдерді де шығаруға болатындығын атап өтті.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив