KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Әуеге "Арай"-мен ұшатын болдық

3.05.2012, 18:00 90


«Арай» атты үш ұшаққа мемлекеттік тіркеуден өткені жайында куәлік берілді, деп хабарлайды Көлік және коммуникациялар министрлігіне сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Ұшақтар канадалық лицензия бойынша «АвиаМастер Эйркрафт» шағын кәсіпорнында жасалып шығарылды. «Арай» агрохимиялық жұмыстарды жүргізумен қоса мұнай құбырлары мен электр желілерін қадағалап отыруға пайдаланылмақ. Ұшақ қысқа арақашықтықтан тез көтеріледі және дайын емес алаңдарға да қонады, ұшу қашықтығы 1000 шақырымнан асады. Ең бастысы, аппарат қазақстандық А-95 автомобиль бензинімен жұмыс істейді.
Тіркеуден өткен алғашқы үш ұшақты қазақстандық «Зерновая культура» компаниясы сатып алған. Аталмыш кәсіпорын бұдан басқа тағы он ұшақ сатып алуға дайын.
Өндіруші компания жетекшісінің сөзіне сенсек, бұл аппараттың ерекшелігі, оның модификациясын әрқалай өзгерте отырып, оны суға да, көк мұзға да қонатындай бейімдеп шығаруға болады екен.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив