KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде ҚР бірінші вице-премьеріне «халықтық автомобильді» таныстырды

28.03.2012, 18:00 162


Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов «Азия Авто» компаниясының зауытына барды.

Кәсіпорын басшысы Ержан Мандиев оған құны 9 мың АҚШ долларын құрайтын «халықтық автомобиль» - Lada Granta-ны көрсетті.

«Бұл «Рено», «Ниссан» технологияларын қолданумен шығарылған көліктің жаңа буыны. Оны бағасы қолжетімді болу мақсатында шығарып жатырмыз. Сол үшін өндіріс абсолютті түрде тиімді, өзіндік құны төмен болуы керек. Бұл мақсаттарда аталмыш жобаны іске қосуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды қолдану керек. Бастапқы кезде бізге мемлекеттің көмегі керек, өйткені Қазақстанда компоненттік өндіріс жоқ. Жергілікті өндірісті құрағанымызша, уақытша шығындарды теңелтуіміз керек», - деді С.Ахметовке қарата айтқан сөзінде Е.Мандиев.

Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау С.Ахметовтен кәсіпорынды мемлекеттік қолдау шаралары мәселесін мемлекеттік комиссия қарауына жіберуін сұрады. Өз кезегінде Премьердің бірінші орынбасары жобаны мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін Үкіметке ұсынуды тапсырды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив