KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

.«Азия-Авто» мен АВТОВАЗ Қазақстанда жылына 120 мың автокөлік шығаруы мүмкін

8.02.2012, 18:00 247


Қазақстанда «Азия-Авто» мен АВТОВАЗ компанияларының бірлескен кәсіпорны құрымақшы. Болашақ өндіріс орнында жылына 120 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр.

Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Раудың сөзіне қарағанда, бұл жобаның техника-экономикалық негіздемесі наурызға қарай дайын болады. Өндірісті қолдау үшін еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік сатып алу барысында мемлекеттік органдарды отандық автокөліктерді алуға міндеттеуді ұсынып отыр.
Бүгінгі таңда республикамыздағы бес автозауытта жеңіл автокөліктің 26 үлгісі, автобустың 4 үлгісі және жүк көліктерінің 10 үлгісі шығарылады, деп хабарлайды «Авто.Вести.Ру».

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та шенеуніктерге «Тойота»-дан бас тартып, отандық автокөліктерге отыруды ұсынды.
2012 жылы АВТОВАЗ автокөлік шығаруды 2,5 пайызға арттырмақшы.

Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив