KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Отандық көлік өндірісіне көмек көрсетіледі

17.02.2013, 18:00 131


Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау ақпараттық-насихат тобының құрамында «Азия Авто» АҚ жұмысшыларымен жүздесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Азия Авто» АҚ президенті Ержан Мәндиевтің айтуынша, мұндай кездесулердің кәсіпорын үшін берері мол. Бірінші вице-министр Қазақстандағы автоөнеркәсіп саласының дамуы мәселелерін тілге тиек етті. Елдегі мамандардың біліктілігі, экономиканың өсуі, Кедендік одақ сияқ-
ты мемлекеттік маңызы бар жұмыстардың ретін мысалға келтірген ол «Қазақстан – 2050» стратегиясының негізгі тұстарына тоқталып өтті.

– «Азия Авто» зауытының алар асуы әлі алда, себебі бұл кәсіпорынның жаңа деңгейге көтеріліп, автокөлік бизнесін шарықтатар әлеуеті бар, осы мүмкіндікті жібермеу керек. Биыл отандық автоөнеркәсіпті дамыту бағдарламасы қабылданады. Бағдарламада осы салаға қаржылық көмек көрсету мәселелері қарас-тырылған, – деді Альберт Рау.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив