KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Мешіт құрылысы аяқталып қалды

27.03.2012, 18:00 124


Есімдері ауданды қойып, облысқа танымал кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары ағайынды Құмаров Манарбек, Бақытбек, Жомарт және Марат Құсайынұлдары өздері туып-өскен бұрынғы Самар ауылының Бастаушы ауылында мешіт құрылысын бастады.

Өткен жылдың қазан айында ғана құрылысы қолға алынған мешіттің бүгінгі күні сексен пайыз жұмысы аяқталып қалды. Мұнаралары мен қабырғалары ақ және сары түсті кірпішпен қаланған мешіттің бүгінгі күні төбесі шатырлануда. Барлық коммуникациялық жүйе жүргізілді, мешіттің ішіне су тартылып, электр жүйесімен жылытылмақ. Мешіттің ішінен 250-300 орындық қатымхана мен тамақ әзірлейтін асханаға орын қарастырылған. Асханада арнайы сырты қапталған қазандықтарға бес тайқазан орнатылмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив