KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.44 473.09 4.75

Семей «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымы хатшылығының өкілдігі ашылды

16.03.2012, 18:00 200


Семей қаласында «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымы хатшылығының өкілдігі кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл шараға Ипр қаласының мэрі Люк Деане, «Назарбаев орталығының» директоры, ҚР Президенті жанындағы жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Қанат Саудабаев, Норвегияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Даг Малмер, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Сондай-ақ рәсімге 17 наурызда Курчатов қаласында ашылатын «Жаңа ұрпақ ядросыз әлем үшін!» халықаралық конференциясына қатысу үшін бүгін Шығыс Қазақстанға келген «Мэрлер бейбітшілік үшін» халқаралық ұйымына кіретін қалалардың басқа да мэрлері қатысты.

Шығыс Қазақстанға мәртебелі қонақтардың сапары бүгін таңертең Өскемен қаласында басталды, олар сол бойда Үлбі металлургиялық зауытының ақпараттық-көрме кешенінде болып, тантал өндірісімен танысты.

Бұдан кейін халықаралық конференцияға қатысушылар Семей қаласы арқылы Курчатов қаласына аттанды.

Семей қаласында болу кезінде олар «Полковничий аралында орналасқан «Өлімнен де күшті» монументіне гүл қойды. Осы аралда «Қалалар мэрлері ядролық әлем үшін» ескерткіш тасын қалау салтанатты рәсімі болды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив