KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде волейболдан ел чемпионатының 4-туры өтіп жатыр

15.03.2012, 18:00 162


Кеше Өскеменде волейболдан Жоғарғы лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары басталды.

Ол 21 наурызға дейін созылмақ. Жарыстың алғашқы күні «ВСМК-АрселорМиттал» (Теміртау) мен «КИиЭУ» (Қостанай), «Тараз-ТарМУ» (Тараз) мен «Қорқыт-Ата ҚМУ» (Қызылорда), «ТНК Қазхром 2» (Хромтау) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 3» (Өскемен) командалары кездесті. Онда Теміртау мен Хромтау волейболшылары қарсыластарын 3:0 есебімен, ал тараздықтар 3:1 есебімен ұтты. Бүгін енді қостанайлықтар тараздықтармен, хромтаулықтар теміртаулықтармен, өскемендіктер қызылордалықтармен шеберлік байқасады. Бұған дейін 17-20 ақпан аралығында Хромтауда өткен 3-турда хромтаулықтар барлық кездесуді өз пайдасына шешсе, теміртаулықтар жарыс қожайындарына ғана есе жіберген болатын.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив