KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Маңғыстау облысында «Х888ХХХ» жасанды нөмірлі автомобиль жүргізушісі ұсталды

4.03.2012, 18:00 64


Маңғыстау облысында «Х888ХХХ» жасанды нөмірлі автомобиль жүргізушісі ұсталды.

«Жүргізуші 24 жасар Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Өзінің айтуынша, ол бұл нөмірді той кортежіне қатысу үшін орнатқан», деп хабарлайды жол полициясы қызметкері.
Қара түсті БМВ автомашинасын «Х888ХХХ» жасанды нөмірімен ол сенімхат бойынша жүргізіп жүрген. Оны тоқтатып, ұстаған жол полициясының инспекторы Қуаныш Келеманов болатын.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік тәртіп бұзу Кодексінің 461 бабы 3-1 бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Оған 32 360 теңге көлемінде айыппұл салынып, немесе бір жылға дейін автомобиль жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив