KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 6 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Қазақ күресінің чемпионаты Бразилияда өтеді

21.02.2012, 18:00 187


Биылғы жылдың көгілдір көктемінде сонау Бразилияда қазақ күресінен тұңғыш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтетін болды.

Бұл мәліметті Халықаралық күрес түрлері Қауымдастығының Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбейтін ұлттық спорт түрлері бөлімі таратты.
-Осы мәселе былтыр Үндістанның Пуне қаласында күрес түрлерінен өткен дүниежүзілік фестивальде сөз болған,– дейді қазақ күресінен еліміздің мемлекеттік жаттықтырушысы Марат Жақып. – Сол жолы жасөспірімдер арасында да фестивальдер өткізу қажеттігі талқыланған. Міне, осы орайда арнайы комитет мұхиттың арғы жағындағылармен келісіп, наурыздың аяғына таман (нақты мерзімі әлі белгісіз) күрес фестивалін ұйымдастырмақ. Фестиваль аясында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен де сайыстар өткізбекшіміз. Ендігі біздің мақсат – жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатын өткізіп, осы жас мөлшеріндегі ел құрамасын іріктеп алу. Биыл ел чемпионаты Қызылорда қаласында ақпан айының соңында өтеді деп жоспарлануда.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив