KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Қазақстандық студенттің әзірлеген сәбізбен байытылған сұлы печеньесін нарыққа шығару ұсынылып отыр

20.02.2012, 18:00 91


Кәсіби технолог-мамандар Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің студенттері дайындаған тамақ өнімдеріне жоғары баға беріп, сәбізбен байытылған печеньені университеттің атымен өндіріске жіберуді ұсынып отыр.

«Иә, бұл өнімді өндіріске жіберуге әбден болады. Қазіргі кезде сұлы печеньеге деген сұраныс жоғары. Ал сәбізбен байытылған бұл тауар тұтынушы үшін тағы бір жаңалық болмақ», - дейді «Восток-кондитер» ЖШС директоры Людмила Саввина.

Қазіргі кезде аталған өнімді тапқан инженерлік-технологиялық факультеттің студенті Әйгерім Бекбергенова сәбізбен байытылған сұлы печеньесіне патент алуды көздеп отыр.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив