KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Венецияда 80 жылда тұңғыш рет су каналдары қатып қалды

7.02.2012, 18:00 125


Еуропада қақаған аяз салдарынан бұрын соңды кездестірмеген оқиғалар орын алуда. Венецияда 80 жылда тұңғыш рет су арналары қатып қалса, Римде елдің ең маңызды ескерткіштерінің бірі – Колизей қалың қардың астында қалған, деп хабарлайды «ВЕСТИ.ru».
Венецияда ақпанның басында мыңдаған туристердің қызығушылығын тудыратын атақты карнавал өтеді. Суық ауа райына қарамастан, жергілікті билік мерекені тоқтатпады. Жылсайынғы мереке кеше басталды. Алайда салтанатты шаралардың басым бөлігі жабық залдарда өтетін болды, деп хабарлайды Newsru.com.

Ал Еуропаның басқа елдерін боран әбігерге салды. Францияда жолды қар басып қалған. Соның кесірінен тасжолда бірнеше километрлік көлік кептетілісі түзілді. Боснияның құтқару қызметі де қызу жұмыс істеуде. Елде іздестіру шаралары тоқтатылған жоқ. Шұғыл қызметтер қар құрсауында қалған жүргізушілерді құтқаруда. Ал Хорватияда ондаған ауылдар айналадан ажыратылған. Екі метрлік омбы қарлардың салдарынан арнайы техника арақашықтықты кешіп өте алмай жатыр. Аталған аймақтарға тікұшақпен жетуге де мүмкіндік болмай тұр, қалың жауған қар кедергі келтіруде. Сондықтан құтқарушылар аталған орындарға қар кешкіштермен жетуге мәжбүр.

Сербия Үкіметі елде төтенше жағдай жариялады. Онда 70 мыңға жуық халық қалың жауған қар салдарынан әлемнен ажыратылған, 9 адам қаза болды. Шығысында екі метрлік омбы қарлардың астында бірнеше километр жолдар қалып қойған.

Бұған дейін Брюссельде ең атақты «Шаптырып тұрған бала» субұрқағының жұмысы тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Bnews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив