KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
440.92 475.36 4.82

ШҚО-дағы республикалық және жергілікті маңыздағы үш жол жабылды

5.02.2012, 18:00 161


Қатты аяз түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында республикалық және жергілікті маңыздағы үш жол уақытша жабылды. Бородулиха ауданында Төтенже жағдайлар қызметі 2 автокөлік жүргізушісін құтқарды. Алдын ала ескертуге қарамастан олар ақауы бар көлікпен жолға шығып кеткен. Уақытында жеткен көмектің арқасында ғана қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Барлық энергоқамту нысандары бүгінде қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірімізде ешқандай апаттар мен техникалық ақаулар тіркелген жоқ.

Мұрат Тілеубердинов, ШҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары:

- Ауа райының күрт сууына байланысты қызметтік және жеке көлік жүргізушілерінің қала сыртына немесе алыс жолдарға шықпағаны жөн. Кәсіпорын басшылары көліктің техникалық жағдайына назар аударып, қысқы жанармай құйылуын қадағаланы абзал.

Мәлiметтiң көзi: «Хабар» агенттігі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив