KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Семей прокуратурасы мемлекеттік мекеменің қызметінен олқылық тапты

1.02.2012, 18:00 215


Семейде «Семей қаласының психолого-медико-педагогикалық кеңесі» ММ (ары қарай ПМПК) қызметін тексеру барысында денсаулық сақтау және медициналық қызметті лицензиялау, білім беру және құжаттау ережесі саласындағы қолданыстағы заң талаптарының бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ПМПК-ның штаттық кестесінде дәрігер психиатр, дәрігер невропатолог, дәрігер сурдолог, дәрігер офтольмолог пен медициналық статистиктың ставкілері қарастырылған. «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 13-бабына сәйкес, жоғарыда аталған медициналық қызмет лицензиялау туралы ҚР заңнамасында бекітілген тәртіппен лицензиялауға жатады.

Алайда, аталған талаптар орындалмай, бұл мемлекеттік мекемеде медициналық қызмет лицензиясыз жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, ПМПК ұйымдастыру ережесінде көрсетілгендей, аумағы кемінде 150 шаршы метрлік орны бөлек орналасып, медициналық құрал-жабдықтары, түрлі тексерулерге арналған әдістемелік және диагностикалық материалдары, сәйкес жиһазы, кілем жабындары, компьютерлік техникасы мен автокөлігі болуы тиіс. Ал Семейдегі ПМПК болса «Саңырау балаларға арналған мектеп-интернат» ММ ғимаратының бірінші қабатындағы жалпы аумағы 69,9 шаршы метрлік жалғыз бөлмесінде орналасқан және өзінің жеке кіру есігі болмаған.

Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықты жою үшін ескерту беріліп, 5 ең төменгі есептік көрсеткіш (7560 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив