KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

9 жастағы шаңғышы қыз ұлдардың бәрін басып озды

15.12.2018, 12:10 66


Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс орталығында бірнеше мерекелік іс-шара болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Комсомол аралында шаңғы және коньки тебу маусымы ашылды. Қала халқы қыс бойы осы аралға келіп спортпен шұғылдануына болады. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Атаевтің айтысынша, коньки мен шаңғыны бір сағатқа жалға алу – 500 теңге. Ал өзінің спорттық құрал-жабдығымен келгендерге тегін. Шаңғыны – 21:00, ал конькиді 23:00-ге дейін тебуге болады.


Бұл күні шаңғыдан 6 жастағы баладан бастап 60-тағы ардагер спортшылар арасында жарыс өтті.

6-9 жас аралығындағы жас спортшылар арасындағы жарыста Алена Переверзева есімді қыз ұлдарға қарасын да көрсетпеді.



9-12 жас аралығындағы спортшылар арасында Расул Сарсембаев топ жарды.

– Жарыс аса қиын болған жоқ. Себебі, мен биатлонмен айналысамын. Кейде осы аралда, кейде Риддерге барып жаттығамыз, – деді Расул.



Осы күні мектеп оқушылары арасында хоккей мен волейболдан да жарыс басталды. Қалалық хоккей біріншілігі 4-5, 6-7, 8-9, 9-10 сынып оқушылырының арасында болады.


Ал влоейбол турнирі 2005-2006 жылғы қыздар арасында өтеді. Турнир балалар жаттықтырушысы Н.Саратовты еске алуға арналған. Үш күнге ұласатындығын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу