Әлеуметтік желілердің бірінде «лайк» басылмайтын болады
Психологтардың сөзіне қарағанда, "ұнату" тетігі – адамдарды телефонға тәуелді етеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Кім маған лайк басады?», «Менің жазбам немесе суретім кімге ұнайды?» деген ойлар желі қолданушыларын көп мазалайтын көрінеді. Сондықтан парақшасын жиі қарап, ғаламтордың торына түсіп жатады...
Сонымен, біздің «лайк» басылмайды деген желіміз Twitter болмақ. Желінің негізін салған Джек Дорси хабарлады бұл туралы. Ол аталмыш тетікті ешқашан да дұрыс деп қабылдамапты. Ақыры одан «құтылуды» ойлаған.
Жүрекше аталмыш желіде 2015 жылдан бері қолданылып келе жатқандығын ескертеміз.
Оқи отырыңыз